Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарады
© Сурет: nb.kz
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қ.Сатыбалдыұлының кінәні мойындау және заңсыз иемденген активтерді қайтару туралы процестік келісімінің шарттарын орындау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл активтердің жалпы сомасы бағалауды ескергенде, 50 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда 18 млрд теңгеге активтер қайтарылды.
Олардың қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар.
Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары Арнайы мемлекеттік қорға аударылды.
Сонымен қатар жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар (көлемі 174 атау бар) мемлекетке қайтарылды.
Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер қайтарылды.
Жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайтын Қ.Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі шетелдік мүліктің тапсырылуы аяқталу сатысында.
Оларға: Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла; Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; құны 5 млрд теңге тұратын Ресейдің Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер жатады.
Басқа істерді ескере отырып, Қ.Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:59, 15 қаңтар 2025
Қапшағай тас жолындағы ірі жол апаты: полиция толық ақпарат берді
-
10:49, 15 қаңтар 2025
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер тағы бір мәрте жеңіліс тапты
-
10:36, 15 қаңтар 2025
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
-
10:14, 15 қаңтар 2025
Ақтөбедегі кепілдік оқиғасы: тың мәліметтер белгілі болды
-
10:05, 15 қаңтар 2025
Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысын өлтірген үш қатарласы сотталды