Қайрат Омаров елші болып тағайындалды

17:43, 30 қыркүйек 2020

Президент Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін жаңадан тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды" делінген Ақорда сайтында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!