Қайрат Нұртастың «сыңары» табылды

12:34, 17 наурыз 2026

© Сурет: Instagram/asanali__s

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың "егізі" әлеуметтік желідегі парақшасында шынайы Қайратпен бірге түскен суретін жүктеді. Желідегі ағайын олардың қатты ұқсайтындарын жазып, таңданыстарын жасырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған сурет пен видеода Қайрат Нұртас пен оның стильінде киінген Асанәлі бейнеленген. Екеуінің негізгі айырмашылығы – Асанәлі әншіден бойы жағынан сәл ұзын.

"Сізбен бірге жарнамаға түскеніме қуаныштымын. Аңызсыз",- делінген Асанәлі қалдырған жазбада.

Әншінің жанкүйерлері де суретке қызу пікір білдіріп, Асанәліге де Жұлдыздай жар табуына тілек білдірді.

Белгілі болғандай, ол тойларда жиі Қайрат Нұртастың әнін шырқап, өнер көрсетеді.

Бұған дейін Алматыда 11 мың домбырашы бір мезетте күй орындамақ екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!