Атыраудағы мектептегі шабуыл: дәрігерлер қыздың жағдайы туралы мәлімет берді
© Фото: Zakon.kz
Атырауда мектепте шабуылға ұшырап, пышақ жарақаттарын алған 8 сынып оқушысы жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Қыздың мойын аймағы, төс қуысы және қолы зақымдалған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Аймақтық балалар ауруханасының орынбасары Ержан Есболаевтың айтуынша, оқушы медициналық мекемеге ауыр жағдайда жеткізілген.
"Жарақат кезінде мойын аймағы, төс қуысы және қолы зақымданған. Төс қуысының зақымының ауырлығына байланысты бала жедел жәрдем көрсетілетін жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықтағы, тұрақты деп бағаланып отыр. Ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды және анасының қасында жатыр. Медициналық қызметкерлер оның жағдайын бақылап, қажетті көмекті көрсетуді жалғастыруда", – деді ол.
Мектептегі жағдайдан кейін ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар оқиғаның бүкіл мектеп қауымдастығы үшін үлкен соққы болғанын мойындады. Олардың айтуынша, сол күні зардап шеккен баланың орнында кез келген басқа бала да болуы мүмкін еді.
Оқиға болған күні жанында болған оқушылардың бірінің анасы қызының сөзін айтып берді:
"Зардап шеккен қыз – қызымның құрбысы. Ол маған оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оларда негізгі сабақтан кейін ағылшын тілі болған. Онда олар тапсырманы интернет арқылы орындауы керек болыпты. Оларға телефондары қажет болған. Мектепте сынып жетекшісі оқушылардан таңертең ұялы байланыс құралдарын жинап алып, сабақтан кейін қайтарып береді екен. Сондықтан олар үш қыз болып телефондарын алмаққа мұғалімге барады, бірақ ол бас тартқандықтан дәліз арқылы кері қайтып келе жатқан. Зардап шеккен қыз баяу жүріп, сәл артта қалып отырған. Бірде оның келе жатқанын тексермек болып, артқа бұрылғанда шабуылды жасап үлгерген. Балаларымыз әлі күнге үрей үстінде. Егер олар жанында болмаса, жағдай бұдан да қайғылы аяқталуы мүмкін еді",- деді әйел.
Қазір мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Білім беру мекемесінде Астанадан комиссия жұмыс істеп жатыр. Құзырлы органдар қатысуымен ішкі тексеріс жүргізіліп, қылмыстық іс шеңберінде тергеу іс-шаралары жүзеге асырылуда.
"BINOM Атырау" ЖШС мекемесінің атқарушы директорының сөзінше, оқиғадан кейін мектепке металл детекторларын сатып алу туралы шешім қабылданды, олар кіреберісте қосымша бақылау үшін орнатылады. Бүгінгі таңда білім беру мекемесінде 211 бейнебақылау камерасы орнатылған, тыс қалған аймақ жоқ, мектеп ауласы да бақылауда.
Еске салсақ, Атырауда жоғары сынып оқушысы 12 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 17 наурыз 2026
Қазақстан қор биржасы: доллар бағамы 7 теңгеге арзандады
-
15:44, 17 наурыз 2026
«Мәселені шешіп беремін»: елордада кәсіпкерлерді алдаған күдікті анықталды
-
15:35, 17 наурыз 2026
Қазақстанда инфляция 2028 жылға қарай 5%-ға дейін төмендейді – Ұлттық банк
-
15:24, 17 наурыз 2026
Алматыда лифтіде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам қамауға алынды
-
15:13, 17 наурыз 2026
Қытай мен Түркия Қазақстандағы референдумға қатысты мәлімдеме жасады





