Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
© Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (Women’s Tennis Association – WTA) жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылады.
Жаңартылған тізім бойынша қазақстандық спортшы үшінші орыннан өзінің жеке рекорды саналатын екінші орынға көтерілді.
Бұл нәтиже Indian Wells Open (АҚШ) турниріндегі сәтті өнерінің арқасында мүмкін болды. Аталған WTA 1000 санатындағы жарыста Рыбакина финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоге (Беларусь) жол берді.
Қазір Елена Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Ал Арина Соболенко 11025 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында тұрған Ига Швёнтектің қоржынында 7413 ұпай бар.
Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі финалдан кейін тағы бір қазақстандық теннисші – Анна Данилина да рейтингте жоғарылады. Жұптық сайыста ол қазір төртінші орынға көтеріліп, өз мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 2 мамыр 2026
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:15, 2 мамыр 2026
Түнде сыра сатқан: Алматыда кәсіпкер жауапқа тартылды
-
16:52, 2 мамыр 2026
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
-
16:19, 2 мамыр 2026
Германия жағалауында тұралап қалған кит Атлант мұхитына жіберілді
-
15:54, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады





