Қайрат Нұртасты бұрынғы досы сотқа берген

12:33, 5 шілде 2024

© Сурет: instagram.com/kair_n

Бүгін, 2024 жылдың 5 шілдесінде әлеуметтік желілерде белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға бойынша 5 шілде де 12:00-де онлайн форматта сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Танымал әнші екі бап бойынша айыпталды:

  • ҚР Әкімшілік кодекстің73 баптың 1 тарау 1 бөлігі бойынша, қасақана жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін;
  • ҚР Әкімшілік кодекстің 434 бап 2 бөлігі бойынша, ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін.

Жәбірленуші Асылбек Бекқайыров танымал әншінің бұрынғы досы болған.

Бірінші бап бойынша жәбірленуші шағым бергеннен кейін, бітігершілікке келу туралы өтінім берген. Іс бойынша Қайрат Нұртас та кінәсін мойындады.

"Мені 4-і күніне тойға шақырды. Мен барудан бас тартып, балағат сөздер айттым. Артынша, ұшақта кездесіп қалған кезде, мені бірінші ұрды. Менде қарап тұрмай, оны да бір-екі рет ұрдым. Бұл жөніндегі кінәмді толығымен мойындаймын".Қайрат Нұртас

Сотқа айыпталушының заңды өкілдері, анасы Гүлзира Дүйсенқызы мен інісі Аян Нұртас та қатысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!