Қайрат Нұртас халықты да, Елбасыны да жақсы көреді – Гүлзира Айдарбекова

15:31, 14 маусым 2019

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат, шеруге неге шықпадың, сені xалық көтерген жоқ па, – деген комменттер толып кеткені рас, дейді Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында.

Ол аздай, "тіптен мамасы өйткен шығар, бүйткен шығар деп маған да тиісулер жоқ емес", дейді ол.

– Анасын сыйламаған, тыңдамаған бала, xалқын сыйласын ба? Сенсеңіздер де сенбесеңіздер де xалқын көріп Қайратымның жүрегі қан жылағанын да жоққа шығара алмаймын. Елбасымызды да шын жүрегімен жақсы көреді. Кеше ғана үкімет алдында ән айтып тұр едің деп те тиіскендер аз емес. Ол әнші, саясаткер емес. Мейлі, қарапайым xалық шақырса да, жоғарғы жақ шақырса да жұмысы болған соң барады, шақырылса бармай жатқан әнші көрмедім, – дейді Қайраттың анасы.

"Былай барса арба сынады, былай барса өгіз өледі" дегендей, жек көретін адамы жоқ, бәрі де Қайрат үшін қымбат жандар екен.

– Не десеңіздер де, уайымым көз ілгізбегенімен,менің қатты қуанғаным, Қайраттың өз үндеуінің жәйдан-жәй ескерілмей қалмағаны. Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның бүгін xалыққа берген уәдесін естіп, әр қиындықтың артында бір қайыры бар дегендей, ұсталғандардың босатылуы жайлы айтқанын естіп қуанып қалдық. Одан кейінгі "чиновниктер" қарапайым xалыққа қызмет етсін дегенін де естіп қуандым. Баламның уәжі босқа қалмағанына қуандым. Кешегі жазған Қайраттың посты өзінен-өзі Инстаграмнан жоқ болып кетті. Мүмкін спам көп басылғандықтан болар. Бүкіл әлеуметтік жаңалықтарға шығып кеткеннен кейін қайтадан салмадық, – деп түсіндіруде Гүлзира Айдарбекова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!