«Қайрат» аргентиналық вингермен келісімшартқа отырды
© Сурет: "Қайрат" футбол клубы
Алматылық "Қайрат" футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Клубтың хабарлауынша, футболшымен жасалған келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.
24 жастағы ойыншы оң қапталда өнер көрсетеді. Оның бойы – 168 сантиметр, салмағы – 65 келі.
Хуан Себастьян Себальос Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясындағы Хосе-Мария-Хауреги қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын "Лос Андес" клубында бастап, кейін "Индепендьенте Ривадавия" және "Тальерес" клубының екінші командасында ойнады.
"Кейін Боливия чемпионатына ауысқан футболшы жоғары дивизионда өнер көрсететін «Реал Оруро» клубының намысын қорғады. Алдыңғы маусымда Себальос 40 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас беріп, командасының негізгі ойыншыларының біріне айналды", - деп хабарлады "Қайрат" футбол клубы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 26 шілде 2026
Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті
-
17:06, 26 шілде 2026
27 шілдеде елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі
-
16:39, 26 шілде 2026
Жазушы, тарихшы Жұмабай Доспанов дүниеден озды
-
16:09, 26 шілде 2026
Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты Жезқазған маңына сәтті қонды
-
15:48, 26 шілде 2026
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр





