Қайғылы статистика: Қазақстанда жыл басынан бері 69 бала суға кеткен
© Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде шомылу орындарында 69 бала қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство атап өткендей, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде тіркелді.
Сондай-ақ, тағы бір себеп – ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы.
Бұл ретте, тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны да атап өтілді. Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам азамат жауапкершілікке тартылған.
Осыған байланысты министрлік келесі қауіпсіздік шараларын ескертеді:
- Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар,
- балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар,
- оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер,
- аптап ыстықтан кейін, бірден суық суға түспеңіздер.
Бұған дейін өз туған күнінде жоғалып кеткен жас жігіттің денесі Каспий теңізінен табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:36, 16 шілде 2026
Ақтауда базарда жүрегі тоқтап қалған 61 жастағы ер адамды дәрігерлер аман алып қалды
-
13:25, 16 шілде 2026
Қазақстанның үш ірі қаласында ҚТҚ-ны кәдеге жарату зауыттары салынады: инвестор белгілі болды
-
13:18, 16 шілде 2026
Балалардың гаджетке тәуелділігін қалай азайтуға болады
-
13:07, 16 шілде 2026
Астанадағы жарылыстан зардап шеккендер саны артты
-
12:54, 16 шілде 2026
2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды





