Балалардың гаджетке тәуелділігін қалай азайтуға болады
© Сурет: magnific
Смартфондар бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оларды шамадан тыс пайдалану адамның мінез-құлқына, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына және күнделікті өмір салтына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, бұл мәселе әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.
The Conversation басылымының жазуынша, зерттеушілер жасөспірімдердің миы әлі толық қалыптасып бітпегенін айтуда. Әсіресе, өзін-өзі бақылауға, жоспар құруға және өз әрекетінің салдарын бағалауға жауап беретін ми бөліктері әлі даму үстінде болады.
Сондықтан жасөспірімдер әлеуметтік желілердегі лайк, пікір, хабарлама сияқты жылдам марапаттарға ересектерге қарағанда көбірек мән береді және олардан оң әсер алуға бейім келеді.
Баланың телефонға тәуелді болғанын қалай байқауға болады?
Мамандар мынадай белгілерге назар аударуға кеңес береді:
- телефонға келген хабарламаларды үнемі тексеріп отыру;
- бос уақытын гаджетсіз өткізе алмау;
- жақындарымен немесе достарымен бетпе-бет сөйлесуге қызығушылығының азаюы;
- сабақ оқу немесе басқа да маңызды істерді кейінге қалдыру;
- түнде ұзақ уақыт телефон қолданудың салдарынан үнемі шаршап жүру.
Смартфонға тәуелділік қалай қалыптасады?
Ғалымдардың айтуынша, смартфонға тәуелділік күтпеген марапат беру механизмі арқылы қалыптасады. Яғни, жаңа хабарлама, лайк немесе ескерту келген сайын адам қысқа уақытқа қуанып, мазасыздығы азаяды. Уақыт өте келе адамның миы осыған үйреніп кетеді. Тіпті телефонға көз түскеннің өзінде оны алып, тексергісі келетін әдет қалыптасады.
Ата-аналар не істеуі керек?
Мамандардың пікірінше, ең алдымен ата-аналар өздерінің гаджет қолдану мәдениетіне назар аударуы қажет. Олар отбасы мүшелері бірге отырған кезде телефонды мүмкіндігінше қолданбауы, смартфондарды үнемі қолжетімді жерде ұстамауы, балаларымен бірге телефон пайдалану ережелерін келісіп, саналы түрде сақтауы керек.
Мамандардың айтуынша, ата-ананың жеке үлгісі мен отбасында ортақ ереженің болуы балалардың гаджетке тәуелділігінің алдын алуға көмектеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:52, 16 шілде 2026
Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді
-
14:45, 16 шілде 2026
«Заң мен тәртіп»: Алматыда заңсыз сауда орындары жойылып жатыр
-
14:33, 16 шілде 2026
Енді Қазақстанда жол ережесін бұзған шетелдік жүргізушілер айыппұлдан жалтара алмайды
-
14:26, 16 шілде 2026
Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына арналған бірыңғай платформа пайда болады
-
14:23, 16 шілде 2026
Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын - мемлекет басшысы





