Қай аймақтағы қазақстандықтар банкроттыққа жиі жүгінеді
© Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов 2024 жылғы 5 қарашада өткен брифингте Қазақстанда қай өңірде банкроттыққа жиі өтініш берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның мәліметінше, бүгінде 17,9 мың азамат банкрот деп танылған.
"Әркімнің банкроттыққа бару жолында өз өмірлік жағдайлары болады. Біз оларды осы берешектен, несиелендіруден 40 млрд теңгеге босаттық. Менің ойымша, бұл халық үшін үлкен көмек", — деді спикер.
Ол бүгінде банкроттықты ресімдеуге 131 мың өтініш қаралғанын атап өтті.
"Бізде жетекші аймақтар – оңтүстік. Халық саны жоғары Алматы қаласы және облысы, сондай – ақ Жамбыл және Түркістан облыстарыннан өтініштер жиі түседі",- деді Сейілжан Ахметов.
Оның айтуынша, көбінесе банкроттыққа ер адамдардың – 53%-ы, ал әйелдерден – 47% жүгінеді.
Бұған дейін борышкерлер мен банкрот болғандардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу ережесі өзгергендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 5 қараша 2024
Павлодарда автокөлік отқа оранды
-
17:03, 5 қараша 2024
Макрон Тоқаевты Елисей сарайында күтіп алды
-
17:01, 5 қараша 2024
Алматыдағы кезекті жер сілкінісі: дабыл сөмкесінде не болуы керек, қандай алғашқы қадамдарға барған дұрыс
-
16:56, 5 қараша 2024
АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
-
16:44, 5 қараша 2024
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші полициядан қашпақ болды