Италиядағы аюлар адами ортаға үйренісіп, жаңа мінез-құлық қалыптастырған - зерттеу
© Сурет: pexels
Аюлар Еуропада әлі күнге дейін кездесетін ең қауіпті жыртқыштардың бірі саналады. Алайда тіпті бұл аңдар да адам үстемдігіне бейімделуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Италияның Феррара университеті мен өзге де ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдары жаңа зерттеу нәтижелерін Molecular Biology and Evolution ғылыми журналында жариялады.
Зерттеу Италиядағы аюлардың басқа аймақтардағы популяциялармен салыстырғанда айтарлықтай бейбіт мінезді бола түскенін көрсетті.
Атап айтқанда, адамдармен ұзақ уақыт қатар өмір сүру Апеннин қоңыр аюларының (Ursus arctos marsicanus) мінез-құлқына әсер еткен. Шамамен 50 бас ғана бар шағын әрі оқшау популяция Италияның орталық бөлігінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді.
Зерттеушілер Апеннин өңіріндегі 12 аюдың геномын жинап, талдап, оларды Словакиядағы және басқа да еуропалық популяциялардағы аюлармен салыстырған. Нәтижесінде италиялық аюлардың уақыт өте келе басқа еуропалық аюларға қарағанда агрессиясы төмендегені анықталған.
Ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасқан. Яғни адамдармен жақсырақ тіл табыса алған дарақтар тірі қалып, өз қасиеттерін кейінгі ұрпаққа қалдырған.
Бұған дейін Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:02, 23 желтоқсан 2025
Денсаулық сақтау министрлігі «Kinder» өнімдері жайлы тараған ақпаратқа түсініктеме берді
-
15:57, 23 желтоқсан 2025
Рудныйдың жылу желілерін жекешелендіру әзірге ерте – Құмар Ақсақалов
-
15:45, 23 желтоқсан 2025
23 желтоқсандағы саудада доллар бірден бес теңгеге арзандады
-
15:36, 23 желтоқсан 2025
Үкімет 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылық қолдау көрсетеді
-
15:27, 23 желтоқсан 2025
Қазақстанда салық есептілігі қысқартылып, оны тапсырмағаны үшін айыппұл салу тоқтатылады





