Испаниядағы турнирде 11 қазақстандық боксшы алтын медальға таласады
© Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан Boxam Elite-2026 турнирі өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде 11 отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдеге таласады.
Әйелдер арасында Назерке Серік (65 келіге дейін), Умида Садықова (80 келіден жоғары) және Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) финалда бақ сынайды.
Ал Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, аталған халықаралық турнир 7 ақпанда аяқталады.
Бұған дейін Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада алауы тұтатылып, Қазақстан құрамасының XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанын жазған болатынбыз. Қазақстан құрамасының туын Миланда – Денис Никиша, Ливиньода – Аяулым Әміренова көтеріп шықты. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Предаццо қаласындағы шеруге де қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:36, 8 наурыз 2026
Ұландықтар еңбек ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
-
17:15, 8 наурыз 2026
«Қар, жауын-шашын, көктайғақ». Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:38, 8 наурыз 2026
Гимнаст Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің екі дүркін жеңімпазы атанды
-
16:05, 8 наурыз 2026
Иран жоғары көшбасшысын жаңадан сайлады
-
16:05, 8 наурыз 2026
Иранда жаңа аятолла сайланды





