Испандық әйел сақтандыру компаниясын алдап, 16 жыл бойы мүгедектік кейіп танытқан

11:30, 17 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Испандық әйел мүгедектік бойынша жәрдемақы алу үшін 16 жыл бойы саңырау және мылқау кейіп танытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oddity Central мәліметінше, ол супермаркетте сатушы болып жұмыс істеп жүрген кезінде 2003 жылы оған сатып алушы шабуыл жасаған. Оқиғадан кейін зардап шеккен адамға жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылыс және сөйлеу қабілетінің жоғалуы диагнозы қойылған.

Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру қызметі әйелге мүгедектігі бойынша тұрақты зейнетақы тағайындады. Бұл ретте, оның жұмыс орнында зардап шегуіне байланысты төлемдер сақтандыру компаниясына жүктелді.

2019 жылы сақтандырушылар әйелдің медициналық картасын тексеру барысында оның 2009 жылдан бері барған дәрігерлерінің ешқайсысы оның сөйлей алмайтынын атап өтпегенін байқады. 10 жыл ішінде әйел офтальмолог, дерматолог, ортопед және басқа да мамандардың қабылдауында болған. Осылайша, қызметкерлер әйелдің саңырау және мылқау екендігіне күмәнмен қарап, істі анықтау үшін дәрігерге жүгінген.

Дегенмен, алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғау үшін бір дәрігердің айғақтары жеткіліксіз болып, сақтандыру компаниясы әйелді бақылау үшін жеке детектив жалдапты. Нәтижесінде, оның сау екендігі анықталды.

Енді сақтандыру компаниясы әйелді 16 жылғы төлем үшін сотқа берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!