Ішінде бес адамы бар автокөлік қарлы боранда арыққа түсіп кеткен

09:27, 23 қаңтар 2026

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2026 жылғы 22 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданы "Алматы-Ташкент" автожолының 586-шы шақырымында ТЖМ құтқарушылары патрульдеу барысында ауа райының қолайсыздығынан арыққа шығып кеткен жеңіл автокөлікті көріп, көмек көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жедел түрде көмек көрсетуге кіріскен. ТЖМ күштерімен автокөлік қар құрсауынан жолдың қауіпсіз учаскесіне шығарылды.

"Көлік ішінде 5 адам болды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұл ретте, ТЖМ мамандары қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын ескертеді. Нашар ауа райында ашық далада сапарға шығудан бас тарту ұсынылады, себебі қар құрсаулары мен көрінудің нашарлауы өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Бұған дейін елімізде қызылшаға шалдыққандар көбейіп жатқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!