Іргеліде тұратын сатушыдан ірі көлемде гашиш пен марихуана табылды
Арнайы іс-шара барысында Алматы облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымынан ірі көлемде гашиш пен марихуананы тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Есірткі саудасының ошағы Қарасай ауданында әшкере болды. облыстық ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚК облыстық департаментінің өкілдерімен бірлескен арнайы іс-шара өткізіп, есірткі заттарын саудалады деген күдікпен 41 жастағы азаматты қолға түсірді.
"Күдікті Іргелі ауылында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктіден 9 килограмм марихуана тәркіленді, сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайына санкцияланған тексеру жүргізу кезінде 7,5 килограмнан астам гашиш табылды. Қазіргі уақытта аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау және оларды сату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті Қарасай ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қылмыстық істі тергеу ісі Полиция департаменті Тергеу басқарамасының өндірісінде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 8 мамыр 2024
Құлжа тас жолында тағы бір жол апатынан бір адам мерт болды
-
17:23, 8 мамыр 2024
Парижге баратын соңғы мүмкіндік: балуандар Ыстамбұлдағы іріктеу сынына қатысады
-
17:14, 8 мамыр 2024
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
-
16:36, 8 мамыр 2024
Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
-
15:59, 8 мамыр 2024
Түркістан облысында 16 оқушы отырған «Газель» өртенді