ШҚО-да полицейлер инсульт алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді

13:10, 5 сәуір 2026

© Сурет: polisia.kz

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол үстінде денсаулығы күрт нашарлап, инсульт белгілері байқалған ер адамға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен – Риддер тасжолының 90-шақырымында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жиегіне тоқтаған автокөлікті байқаған. Көлік жүргізушісі салонда 38 жастағы азаматтың жағдайы нашарлағанын айтып, полицейлерден көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары науқасты дереу қалаға дейін ертіп бару туралы шешім қабылдаған. Алайда жол жүру барысында науқас отырған көлік бұзылып, істен шығып қалған.

Полицейлер бұл туралы ақпаратты дереу жақын маңдағы келесі нарядқа — ПА-466 экипажына хабарлады.

"Оқиға орнына жеткен екінші экипаж науқасты қызметтік автокөлікке отырғызып, барынша жылдам әрі қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ете отырып, медициналық мекемеге жеткізуді жалғастырды", – деп хабарлады полиция.

Екі экипаждың үйлесімді іс-қимылының арқасында азамат Өскемендегіі №1 қалалық ауруханаға уақытылы жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!