Интернет-алаң иелері мемлекеттік кірістер органдарына мәліметті қалай ұсынады – ережелер өзгерді

10:04, 27 қараша 2026
MKZ: 1580025

© Фото: pexels

Қаржы министрі 2026 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына мәлімет ұсыну нысандары мен қағидаларына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметтер сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер немесе Қазақстан резиденттері болып табылатын жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы.

Бұйрықта мәлімет ұсыну мерзімі нақтыланды. Интернет-алаң иесі сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) немесе Қазақстан резиденттері болып табылатын жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей ұсынуға тиіс.

Барлық сома теңгемен көрсетіледі. Егер тауар немесе қызмет шетел валютасымен сатылса не төлем шетел валютасымен жасалса, тиісті сома теңгеге қайта есептеледі. Бұл ретте уәкілетті орган Ұлттық банкпен бірлесіп белгілеген, тауар сатылған, қызмет көрсетілген немесе төлем жасалған күнгі валюта бағамы қолданылады.

Интернет-алаң иелері мәліметті комитетке салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің цифрлық жүйесі арқылы ұсынады. Жүйеде техникалық ақау немесе қате туындаса, мәлімет ілеспе хатпен бірге CD-дискіде тапсырылады. Комитет мұндай ақаудың болғанын өз сайтында баспасөз хабарламасын жариялау арқылы растайды.

Цифрлық жүйемен интеграция орнатылғанға дейін де мәлімет комитетке ілеспе хатпен бірге CD-дискіде ұсынылады.

Бұйрық 2026 жылғы 7 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!