Үш қыз қашып кеткен Тараздағы арнайы мектепте не болып жатыр

09:37, 27 қараша 2026
MKZ: 1580020

© Фото: pexels

Таразда мінез-құлқында қиындықтары бар жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің төңірегінде дау шықты. Мектептен қашып кеткен 3 қыз табылғаннан кейін мекемеде жасы үлкен тәрбиеленушілер кішілерді ұратынын, олардан ақша талап етіп, айтқандарын мүлтіксіз орындауға мәжбүрлейтінін айтқан.

Алайда облыстық білім басқармасы бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Қыздардың бірінің анасы Татьяна Лонкина қызының айтуынша, мектептегі ересек қыздар кішілерді секіртіп, жүгіртетінін жеткізді.

"Оларды ұрады, ақша бопсалайды. Мұны бопсалау демегенде не дейміз? "Анаңа қоңырау шал да, ақша сұра" дейді екен. Араларындағы жасы үлкен Фируза деген қыз оның қолының басынан секірген. Ақыры қыздың қолына гипс салынды", – деді Татьяна Лонкина.

Тағы бір ана Елена Михайлованың айтуынша, қызы арнайы мектепте қалудан қатты қорқатынын айтқан.

Аналардың сөзінше, қашып кеткен қыздар тіпті педагогтерден де қорқады. Олар педагогтер мекемеде не болып жатқанын біле тұра шара қолданбайтынын, кейде өздері де балаларға қол көтеретінін айтады.

Жамбыл облысының білім басқармасы КТК телеарнасының тілшісіне берген жауабында бұл айыптауларды жоққа шығарды.

"Бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шықтық. Тәрбиеленуші қыздарды ұрып-соғу дерегі анықталған жоқ. Медициналық тексеру кезінде де олардың денсаулығына елеулі зиян келтірген жарақаттар табылмады", – деді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Тәткеев.

Бөлім басшысының айтуынша, мекеменің бүкіл аумағында бейнебақылау камералары орнатылған. Ол бұл мектепте мінез-құлқында қиындықтары бар жасөспірімдер тәрбиеленетінін де ескеру керектігін айтты.

Қазір полиция аналардың арыздарын қарап, жасөспірімдердің айтқанын тексеріп жатыр.

Арнайы мектепте Қазақстанның түрлі өңірінен келген 21 ұл мен 22 қыз тұрады. Кәмелетке толмағандардың барлығы сот шешімімен осы мекемеге мінез-құлқын түзету үшін бір жылға жіберілген.

2026 жылғы 19 қарашада Таразда вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды. Белгісіз біреулер "Қарасу" шағын ауданындағы зиратта кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдірген. 25 қарашада полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды тапты. Олар Тараздағы мектептердің бірінде 7-сыныпта оқитын үш оқушы болып шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!