ІІМ қазақстандықтардың дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпаратты тексеріп жатыр
© Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтардың дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпаратқа Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта eGov порталына заңсыз кіру немесе рұқсатсыз қол жеткізу деректері тіркелмеген.
Соған қарамастан, дербес деректерді сату туралы хабарландырудың жариялануы назардан тыс қалмаған. Қазір оны орналастырған адамның жеке басын, ұсынылған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және таратуға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
ІІМ азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдіктердің сақталуына ерекше мән беретінін атап өтті.
"Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралар қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды", – делінген хабарламада.
Аталған мәселе Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 6 қыркүйек 2026
«Қатты жел тұрып, бұршақ түседі». Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:28, 6 қыркүйек 2026
Алматыда полицейлер ірі көлемдегі есірткі саудасының жолын кесті
-
17:16, 6 қыркүйек 2026
Қазақстан әншісі халықаралық этникалық ән байқауында күміс жүлдеге ие болды
-
16:52, 6 қыркүйек 2026
Марқакөлде орман өртін сөндіруге екі тікұшақ тартылды
-
15:59, 6 қыркүйек 2026
Алматыда жүк көлігі тиеген ірі габаритті конструкция көпірден өте алмай, құлап, үлкен кептеліс орын алды





