ІІМ: Абай облысында қарағай көшеттерін ұрлау фактісі тоқтатылды
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі заңсыз ағаш кесу мен орман қорын жою фактілерін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі түрде мақсатты іс-шаралар жүргізіп келеді.
Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі.
"Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды.260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ішкі істер министрлігі еске салады: орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіреді және одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
03:12, 16 наурыз 2026
Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты
-
03:11, 16 наурыз 2026
Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзитпол қорытындысымен танысты
-
03:11, 16 наурыз 2026
Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты
-
02:10, 16 наурыз 2026
Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
-
02:10, 16 наурыз 2026
Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті





