Хирургтер ота жасау кезінде науқастың құлағын шатастырып алған
© Фото: pexels
Түркияның Стамбұл қаласында науқас ауруханаға сау құлағына емес, ауру құлағына ота жасатуға барған. Алайда хирургтер қателесіп, сау құлағына ота жасаған. Осыдан кейін пациент аурухананы сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazeta.ru жазуынша, Түркия тұрғыны Мурат Таракчи құлағы ауырғанына шағымданып, Стамбұлдың Тузла ауданындағы университеттік ауруханаға барған.
Тексеру нәтижесінде оның оң жақ құлағында сұйықтық жиналғаны анықталған. Осыған байланысты хирургтер науқасқа ота жасау туралы шешім қабылдаған.
Наркоздан оянғаннан кейін ер адам сол жақ құлағының қатты ауырғанын сезіп, дәрігерлердің сау құлағына ота жасағанын түсінген. Сол күні науқасқа жалпы наркозбен тағы бір ота жасалып, дәрігерлер жіберген қатені түзеткен.
Екі отадан кейін ер адам құлағында тұрақты шу мен ызың пайда болғанына, есту қабілетінің төмендегеніне және қимыл үйлесімділігінің бұзылғанына шағымданған.
Зардап шеккен пациент дәрігерлерді сотқа берген. Оның адвокаты Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің тергеу жүргізуге рұқсат беруін күтіп отырғандарын мәлімдеді. Клиника басшылығымен жүргізілген келіссөздер нәтиже бермеген. Аурухана бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.
Бұған дейін Нидерландта бір жасар балаға алғаш рет эвтаназия жасалғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 29 қыркүйек 2026
Жапониядағы Азия ойындарында Өзбекстанның тағы бір спортшысы допинг-тесттен өте алмады
-
12:51, 29 қыркүйек 2026
Қазақстанда дәнді дақылдардың егістегі үлесі азайды
-
12:44, 29 қыркүйек 2026
Талдықорғанда төрт мың тұрғынға көрсетілмеген қызмет үшін 12 млн теңге ақы есептелген
-
12:35, 29 қыркүйек 2026
Алтын бағасы күрт құлдырады
-
12:26, 29 қыркүйек 2026
Ауыл шаруашылығы министрлігі егіннің өсу кезеңінде ауа райы қолайсыз болғанын айтты





