«Халықтық құрылыс»: бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады
© Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынып, 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Ұлттық қор ресурсын жинақтау мен пайдалану арасында теңгерім сақталуы қажет екенін атап өтті.
"Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек. Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет. Өйткені бөлінетін мемлекет қаражатының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жобаларды жүзеге асыруға материалдық-техникалық жағдайы жақсы, тәжірибесі мол жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерін тарту керектігін жеткізді. Оның айтуынша, бүкіл құрылыс барысы қатаң бақылауға алынады.
"Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді", – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар елде 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы басталады.
"Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел түрде бастап, көп ұзамай іске қосуымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:13, 28 қазан 2026
Кәсіпкерлердің және инвесторлардың алаңсыз жұмысы үшін – Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды
-
12:13, 28 қазан 2026
Қазақстанның қаржы жүйесі айтарлықтай орнықты деңгейде – Президент теңгенің құндылығы арта түскенін айтты
-
12:13, 28 қазан 2026
Өте маңызды міндет – Президент Жолдауда мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартуды тапсырды
-
12:10, 28 қазан 2026
Тоқаев бюджет шығындарын бақылауға жасанды интеллектіні пайдалануды ұсынды
-
12:07, 28 қазан 2026
Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендету үшін бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды





