Халық сіздерге зор сенім артып отыр – Президент Құрылтай депутаттарына үндеу айтты
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы реформаларды соңына дейін жеткізудің маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, елге жауапкершіліктен қашпайтын, батыл, белсенді әрі білімді басшылар, нақты өзгеріс жасай алатын азаматтар қажет.
Тоқаев жұмыс барысында қателіктер болуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда реформаларды аяғына дейін жеткізбеу және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті жіберіп алу келер ұрпақ алдында үлкен жауапкершілікке әкелетінін айтты.
"Келер ұрпақ кейбір кемшілігімізге түсіністікпен қарайтын да шығар. Себебі жұмыс қателіксіз болмайды. Бірақ біз реформаларды аяғына дейін жеткізбей, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, олар бізді ешқашан кешірмейді", – деді Президент.
Мемлекет басшысы қазіргі заманда өзгерістердің өте жылдам жүріп жатқанын айтып, бейқамдық пен жауапсыздық елді тығырыққа тіреуі мүмкін екенін ескертті.
Сонымен қатар Қазақстанның болашағы әр депутаттың ынта-ықыласына, қажыр-қайратына және отаншылдығына байланысты екенін атап өтті.
Президент Құрылтай депутаттарының түрлі салаларда табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамандар екенін айтты. Енді олардың осы тәжірибесін ел игілігіне пайдаланып, Қазақстанды дамыту жолында табанды еңбек ететініне сенім білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 28 тамыз 2026
Сәтбаев қаласында тазалық акциясы өтті
-
15:32, 28 тамыз 2026
Ерлан Қарин: Конституциялық реформа мен сайлау үлкен саясатқа жаңа тұлғалардың келуіне жол ашты
-
15:20, 28 тамыз 2026
Әйелін өлтірмек болған ер адам анасын құтқаруға келген өгей ұлын пышақтап өлтірді
-
15:13, 28 тамыз 2026
Таиланд заң бұзған шетелдіктерді депортациялау тәртібін күшейтті
-
15:02, 28 тамыз 2026
Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды





