Жалған актілер мен 16 млн теңге: Жамбыл облысында аурухана құрылысы кезінде құқықбұзушылықтар анықталды

14:09, 3 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Жамбыл облысында прокурорлар аурухана құрылысы кезінде бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғанын анықтады. Бұл туралы бүгін, 3 ақпанда облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Талас ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсау заңдылығына талдау жүргізді.

"Талдау барысында аудандағы көпсалалы орталық ауруханасын күрделі жөндеу кезінде (аяқталу мерзімі – 2026 жылғы шілде) мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарының жалған орындалу актілері негізінде 16 млн теңгеден астам қаражат негізсіз төленгені анықталды. Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына авторлық және техникалық қадағалаушыларды жоғарыда көрсетілген актілерге қол қойғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қадағалау актісін енгізді",- делінген ақпаратта.

Алайда Басқарма прокуратураны хабардар етпей, ұсынысты қарап, құқық бұзушылықтың жоқтығын алға тартып, оны орындаусыз қалдырған.

"Осы ретте прокурорды хабардар етпегені үшін Басқарма ӘҚБтК-нің 666-бабы бойынша 100 АЕК айыппұл мөлшерінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокуратура актісін қарау қорытындысы бойынша мердігер барлық жұмыстарды толық көлемде орындады. Сонымен қатар авторлық және техникалық қадағалау органдары ӘҚБтК-нің 317-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, әрқайсысына 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды".Жамбыл облысының прокуратурасы

Бұған дейін Оралда полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні қолға түсіргенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!