50 тәулікке дейін қамау: қазақстандықтарға қандай әрекеттер үшін жаза көзделген
© Фото: freepik
Ішкі істер министрлігі (ІІМ) 2026 жылғы 3 ақпанда қазақстандықтарға қандай құқық бұзушылықтар үшін қатаң жаза қарастырылатынын түсіндіретін ақпарат жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалған. Ал адамды қудалау және қайта-қайта мазалау қылмыс болып саналады.
"Қайталанатын қоңыраулар шалу, хабарламалар жіберу, әлеуметтік желілер арқылы аңду, сондай-ақ адамның еркінен тыс қудалау – сталкингке жатады және ол жеке қауіпсіздікке әрі психологиялық жағдайға елеулі зиян келтіреді", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг үшін қатаң жауапкершілік көзделген.
"Аталған нормаға сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін", – делінген түсіндірмеде.
Қудалауға, аңдуға немесе жүйелі түрде мазалауға тап болған азаматтарға 102 нөміріне хабарласу немесе полиция органдарына жүгіну ұсынылады.
Айта кетейік, бұған дейін, 2 ақпанда ІІМ жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін ескерткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:16, 3 ақпан 2026
Мобильді аударымдар мен төлемдер қандай жағдайда қауіп төндіреді - мамандар кеңесі
-
16:08, 3 ақпан 2026
Исламабад Қазақстан президентінің сапарына қалай дайындалды
-
15:54, 3 ақпан 2026
Алматыда шаруашылық қосалқы нысан сүрілді
-
15:48, 3 ақпан 2026
3 ақпандағы сауда-саттықта доллар тағы арзандады
-
15:35, 3 ақпан 2026
Қазақстанда «жоғары» салымдар дәуірі жалғасуда





