Халық артисі Роза Әшірбекова дүниеден өтті
© Сурет: Facebook/М.Әуезов атындағы драма театры
Театр актрисасы 85 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды театр ұжымы жеткізді.
Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас қазаға ұшырады. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, қазақ сахна өнерінің саңлағы, ҚР Халық артисі РОЗА ӘШІРБЕКОВА 85 жасқа қараған шағында өмірден озды. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы марқұмның жанұясына, жақындары мен күллі қазақ еліне қайғыра отырып көңіл айтады. Сіздің жарқын бейнеңіз көп көңілінде ұзаққа сақталары анық, – делінген М.Әуезов атындағы академиялық драма театры.
Роза Әшірбекова бүкіл ғұмырын театр өнеріне арнаған. Өнер иесінің 60 жылдан аса шығармашылық жолы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтті. Актрисаның алғашқы рольдерінің бірі – Б.Тәжібаевтың «Қарагөз қарындасым» спектакліндегі Анна бейнесі.
Балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында сомдаған Ләззат (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Хадиша, Сейде (Ш.Айтматовтың «Арманым Әселімі» мен «Бетпе-бетінде»), Шафақ (М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Гертруда (У.Шекспирдің «Гамлетінде»), Гиацинта (Мольердің «Скапеннің айласында»), Аркадина (А.Чеховтың «Шағаласында»), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің «Адам аласы ішіндесінде») сияқты рольдері Роза Әшірбекованың кәсіби шеберлігін жан-жақты танытқан, қазақ сахна өнері тарихынан ойып орын алған шоқтығы биік бейнелерге айналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:38, 31 қазан 2026
Саясаткердің қызы құрбысымен бірге анасын және 11 жастағы інісін балғамен және пышақпен өлтірген
-
09:11, 31 қазан 2026
Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасалды
-
22:53, 30 қазан 2026
Алматыда ақын Кеңшілік Мырзабековті еске алу кеші өтті
-
22:36, 30 қазан 2026
Қостанай облысындағы бес жасар баланың өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
-
21:44, 30 қазан 2026
Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды





