Ғылыми атақ беру тәртібіне өзгерістер енгізілді
© Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар – қауымдастырылған профессор (доцент), профессор атақтарын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғылыми дәрежелер беру қағидаларында диссертация тақырыбы бекітілген күні ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келуге тиіс екені нақтыланды.
Бұл талап Қазақстан азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану үшін ұсынылған диссертацияларға қолданылмайды.
Сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру қағидаларының екі тармағы жаңа редакцияда жазылды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өзге елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарынан алған ғылыми атақтары оларға қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор атағын беру және Қазақстан Республикасының тиісті аттестатын табыстау арқылы танылады.
Ал Қазақстан азаматтарының 2011 жылғы 1 қаңтардан кейін өзге елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарынан алған ғылыми атақтарын тану аталған қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ғылыми атағын тану үшін мына құжаттарды ұсынуға тиіс:
- өздері жұмыс істейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе ғылыми ұйымның сұралатын мамандық атауы мен шифры көрсетілген өтінішхаты;
- жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 10 қыркүйек 2026
«Ұйқы чемпионаты»: жеңімпазға 6 миллион теңгеден астам сыйақы беріледі
-
12:14, 10 қыркүйек 2026
Парашютші әйел әуеде басқа спортшымен соқтығысып, есінен танып қалған
-
12:06, 10 қыркүйек 2026
Елена Рыбакинаның US Open турнирінің жартылай финалындағы қарсыласы анықталды
-
11:57, 10 қыркүйек 2026
Ақтауда көлік пен гараждан 215 электронды темекі тәркіленді
-
11:48, 10 қыркүйек 2026
40 млн теңгеден астам пара: ҰҚК Көлік министрлігінің екі лауазымды тұлғасын ұстады





