Ақтауда көлік пен гараждан 215 электронды темекі тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Ақтауда криминалдық полиция қызметкерлері 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 3 қыркүйекте полиция қызметкерлері Ақтау қаласының 28А шағын ауданында Changan маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде WAKA маркалы 64 электронды темекі табылып, тәркіленді.
Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында тәртіп сақшылары қаланың өнеркәсіптік аймағындағы гараждардың бірін тінтті. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі мен 31 қаптама снюс анықталды.
Осылайша, полицейлер жалпы саны 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюсті тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады.
Полиция тыйым салынған өнімдерді заңсыз айналымға шығарғаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертіп, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 10 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконды таққа отыруымен құттықтады
-
12:20, 10 қыркүйек 2026
«Ұйқы чемпионаты»: жеңімпазға 6 миллион теңгеден астам сыйақы беріледі
-
12:14, 10 қыркүйек 2026
Парашютші әйел әуеде басқа спортшымен соқтығысып, есінен танып қалған
-
12:06, 10 қыркүйек 2026
Елена Рыбакинаның US Open турнирінің жартылай финалындағы қарсыласы анықталды
-
11:48, 10 қыркүйек 2026
40 млн теңгеден астам пара: ҰҚК Көлік министрлігінің екі лауазымды тұлғасын ұстады





