Грант-2025: Қазақстанда конкурсқа қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды
© Сурет: gov4c.kz
2025 жылғы 13 шілде мен 20 тамыз аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.
ҰБТ шекті баллдары
Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:
- «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;
- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;
- ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
- басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;
- Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.
Естеріңізге сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.
Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.
Айта кетейік, 2025 жылы "Цифрлық университет" қағидатын жүзеге асыру жалғасуда: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:26, 16 сәуір 2026
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД
-
21:42, 16 сәуір 2026
Жамбыл облысында оқушы өзіне қол жұмсаған: үш адам сотталды
-
21:08, 16 сәуір 2026
Шымкентте шенеуніктер 1,7 млрд теңге негізсіз жұмсамақ болған
-
20:53, 16 сәуір 2026
«Әділет» партиясын құру бастамасы ресми түрде тіркелді
-
20:18, 16 сәуір 2026
Тоқаев «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісін «Достық» орденімен марапаттады





