Гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 16 тамызда спортшы таспамен және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалында өнер көрсетті.
Ұршықтармен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнаст 29.400 ұпай жинады. Нәтижесінде Ерекешева бесінші орынға ие болды.
Ал таспамен орындалатын жаттығуда төрешілердің шешімімен 27.350 ұпай иеленді. Осылайша Ақмарал сегізінші орын алды.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін ол жекелей көпсайыста алтыншы орын алған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:02, 17 қыркүйек 2026
Сингапур цифрлық контенттің кері әсерімен күресудің жолын тапты
-
22:47, 16 қыркүйек 2026
Елімізде 16 қыркүйекте үш орман өрті тіркелді
-
22:47, 16 қыркүйек 2026
Елімізде 16 қыркүйекте үш орманда өрт тіркелді
-
22:24, 16 қыркүйек 2026
Мәнерлеп сырғанаудан Грузиядағы Гран-при кезеңі: Қазақстан атынан қай спортшылар қатысады
-
21:34, 16 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері атанған полицейлер марапатталды





