Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі: не өзгерді
© Фото: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, І сыныптағы гидротехникалық құрылыстарға (ГТҚ):
- биіктігі 30 метрден асатын немесе су қоймасының көлемі 100 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
- су өткізу қабілеті секундына 100 текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.
ІІ сыныптағы ГТҚ-ға:
- биіктігі 20 метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі 50 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
- су өткізу қабілеті секундына 50 текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.
ІІІ сыныптағы ГТҚ-ға:
- биіктігі 10 метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі 20 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
- су өткізу қабілеті секундына 20 текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.
IV сыныптағы ГТҚ-ға:
- биіктігі 5 метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі 10 миллион текше метрден асатын бөгеттер;
- су өткізу қабілеті секундына 10 текше метрге дейінгі гидротораптар немесе су тастағыш құрылыстар жатады.
Сонымен қатар регламентке табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін әрі ықтимал қауіпті деп танылатын гидротехникалық құрылыстарға қатысты жаңа норма енгізілді.
Атап айтқанда, мұндай нысандарға І, ІІ және ІІІ сыныптағы ГТҚ, сондай-ақ қирауы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге, қоршаған ортаға залал тигізуге немесе жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтіруі мүмкін IV сыныптағы гидротехникалық құрылыстар жатқызылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін әрі ықтимал қауіпті деп танылған гидротехникалық құрылыстарды пайдалану барысында олардың қауіпсіз күйін меншік иесі (иесі) көпфакторлы тексеру жүргізу арқылы қамтамасыз етеді.
Бұйрық 2026 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:41, 23 шілде 2026
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
11:32, 23 шілде 2026
Парижге саяхаттап келген миллиардер 1,3 млн еуролық әшекейлерін қолды қылды
-
11:25, 23 шілде 2026
Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды
-
11:16, 23 шілде 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта «Омониядан» жеңілді
-
11:02, 23 шілде 2026
Үш әйелі туралы әлеуметтік желіде айтқан қазақстандық полицияға шақырылды





