Германияда жер сілкінді

13:36, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566331

© Фото: Zakon.kz

10 қыркүйекте Германияда магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:27-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 8 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жарияланды.

Жер сілкінісінің эпицентрі 300 мыңнан астам адам тұратын Мангейм қаласынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 11 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ дүмпулер Франкфурт-на-Майнеден шамамен 63 шақырым оңтүстікте орналасқан аймақта сезілген.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін Грузияда қатарынан екі жер сілкінісіболғанын жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!