Геосаяси жағдайға байланысты 10 елде референдум учаскелері жұмыс істемейді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 наурызда өткен брифингте Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев геосаяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты референдумға арналған кейбір сайлау учаскелері жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылады.
"Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмен болуына байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысы тоқтатылады. Олар – Қазақстанның Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктері жанындағы учаскелер, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы жанындағы учаске", – деді Ерлан Жетібаев.
Осылайша, референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Шетелде дауыс беруге тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 14 230 адамды құрайды. Сонымен қатар референдумға 336 халықаралық бақылаушының қатысуы жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 10 наурыз 2026
Қазақстанда 11 наурызда боран мен екпіні күшті жел соғады
-
18:15, 10 наурыз 2026
Тоқаев Нұралхан Көшеровті қабылдады
-
18:00, 10 наурыз 2026
Алғашқы медаль: Ербол Хамитов Паралимпиадада қола жүлде жеңіп алды
-
17:38, 10 наурыз 2026
Нәресте өлімі, МӘМС, E-Densaulyq: Әлназарова Тоқаевқа не туралы есеп берді
-
17:38, 10 наурыз 2026
Тоқаев Әлназарованы қабылдады





