1 сәуірден бастап балалар сауықтыру лагерлері лицензиялауға міндетті

15:23, 10 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында балалар сауықтыру ұйымдарының қызметіндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2025 жылдың желтоқсанында "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері" мәселелері жөніндегі заң қабылданғанын еске салды.

"Заңға сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірден бастап кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын ұйымдар лицензиялауға жатады. Лицензияның мерзімі – 5 жыл",- делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, ілім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына түзетулер енгізілгені айтылды:

  • білім беру-сауықтыру бағдарламаларына,
  • педагог қызметкерлерге,
  • материалдық-техникалық жарақтандыруға,
  • санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуына,
  • балалардың болу жағдайларына,
  • тамақтандыруды ұйымдастыруға,
  • медициналық қызмет көрсетуге,
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
"Сондай-ақ, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына2 білім беру-сауықтыру қызметтерін электрондық лицензиялау жүйесін енгізу бойынша өзгерістер енгізілуде",- делінген министрдің жауабында.

Мұнымен қоса, бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін және балалар демалыс орталықтарын лицензиялаудың негізі болып табылатын Білім беру-сауықтыру бағдарламаларын бекіту қағидаларының, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының жобалары хабарламалық және лицензиялық тәртіптің аражігін қамтитын жаңа редакцияда әзірленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!