Тоқаев Нұралхан Көшеровті қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдад, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Нұралхан Көшеровтің айтуынша, өңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті. 2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жетті.
Президентке былтыр жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғаны айтылды.
Бүгінде облыста 21 индустриалдық аймақ жұмыс істейді. "Turan" арнайы экономикалық аймағында 26 жоба жүзеге асырылуда, олардың құны – 315 миллиард теңге.
Ауыл шаруашылығында мақта-тоқыма, жүгері және ет өндірісі кластерлері дамып келеді. Бұл жобалар толығымен іске қосылғанда 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі қосымша 479,5 миллиард теңгеге артады деп жоспарланып отыр.
Президентке соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарғаны жөнінде мәлімет берілді. Еңбекпен қамту шараларына 148 мың адам тартылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.
Облыс әкімі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу, жол инфрақұрылымын дамыту, газдандыру және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өндірісті өркендету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 22 сәуір 2026
Жоғалып кеткен зейнеткер өлі күйінде табылды
-
22:31, 22 сәуір 2026
9000 шақырымға жуық жол: 2026 жылы Қазақстанда қандай тас жолдар жөнделеді
-
22:06, 22 сәуір 2026
Жаңбыр, бұршақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді





