Алғашқы медаль: Ербол Хамитов Паралимпиадада қола жүлде жеңіп алды

18:00, 10 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістіктің авторы – шаңғы жарыстарда (отырып) сынға түскен Ербол Хамитов.

Қазақстан спортшысы спринт сайысында үшінші орынға шығып, қола медальға ие болды. Хамитовтың фиништік уақыты – 2:29,9.

Ал жеңіске Қытай спортшысы Цзысюй Лю жетті – 2:28,9. Екінші орынды Бразилия спортшысы Кристиан Вестемайер иеленді – 2:29,6.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!