Газа секторын Израиль әуеден бомбалап, 60-қа жуық адам зардап шекті

23:05, 5 тамыз 2022

© Сурет: pixabay

Өңірдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кидра 55 адам жараланғанын және тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости хабарлағандай, Израиль армиясы Газа секторындағы "Ислам жиһад" тобына қарсы "Арай" операциясын жүргізетінін жариялады.

Израиль тылында төтенше жағдай енгізілді.

Әуе соққысы кезінде Тайсир әл-Джабари әскери қанатының командирлерінің бірі қаза тапқаны айтылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!