Ғалымдар әлемдегі ең көне өзен аңғарын тапты

10:17, 14 қаңтар 2026

© Сурет: Facebook

Аризона университетінің геоморфологы Виктор Бейкер ең көне өзен динозаврлар дәуірінен де бұрын пайда болғанын мәлімдеді. Ол Австралиядағы Финке өзені. Абoригиндер аррернте тілінде ол Ларапинта деп аталады. Өзеннің жасы шамамен 300–400 миллион жыл. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ғылыми зерттеу Live Science басылымында жарияланды.

Бұл өзен жүйесі Солтүстік аумақ пен Оңтүстік Австралия жерлері арқылы 640 шақырымнан астам аумаққа созылып жатыр. Құрлықтың орталық бөлігіндегі қуаң климаттың салдарынан өзен жиі тартылып қалады да, жылдың басым бөлігінде бір-бірінен оқшауланған су айдындарының тізбегіне айналады.

Өзеннің аса көне екенін дәлелдейтін ең маңызды айғақтардың бірі – "көлденең-осьтік дренаж" деп аталатын геологиялық аномалия. Әдетте өзендер кварцит сияқты тұрақты тау жыныстарына параллель ағып отыруы тиіс, алайда Финке өзені керісінше, осы қатты минералды қабаттарды кесіп өтіп, Орталық Австралиядағы Макдоннелл жотасын жарып өтеді.

Ағып жатқан су әрдайым ең жеңіл жолды таңдайды, сондықтан өзеннің берік жыныстарға қарсы бағытта ағып, оларды бойлай емес, қақ жарып өтуі ғажап көрінеді. Дәл осы көлденең дренаждың болуы мен қалыптасу тарихы Финке өзенінің ежелгі арнасы туралы маңызды мәліметтер береді.

Қысқасы, бұл өзен таулар қалыптаспай тұрып-ақ болған, ал жер қыртысы біртіндеп көтерілген сайын өзен арнасы да тереңдей түскен.

Бұған дейін физиктердің жасы 2 миллиард жыл болатын ядролық реакторлардың ізін тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!