Ғалымдар арыстандар тобын бақылап, көпшілік арасындағы мифті жоққа шығарды

10:46, 29 қыркүйек 2026
MKZ: 1569469

© Сурет: pexels

Көп жағдайда гиеналарды "Арыстан патша" мультфильмінде көрсетілгендей, кез келген нәрсемен қоректенетін, арыстандардың соңынан еріп, олардың жемтігінің қалдығын жейтін жануар ретінде елестетеді. Алайда жаңа зерттеу бұл түсініктің қате екенін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Science Focus басылымының мәліметінше, Намибия мен Ботсванада жануарларға GPS-белдіктер таққан ғалымдар шын мәнінде гиеналар арыстандарға емес, арыстандардың, әсіресе аталықтарының, гиеналарға жақындайтынын анықтаған.

Сонымен қатар бұл жануарлардың өзара қарым-қатынасы бұрын болжанғаннан әлдеқайда күрделі болып шыққан.

Зерттеу барысында 17 арыстан мен 14 гиенаға GPS-белдік тағылып, олар күндіз әр бес минут сайын, түнде әр 30 минут сайын сигнал жіберіп отырған. Бұл ғалымдарға жануарларды аумағы 17 500 шаршы шақырымнан асатын жерде бақылауға мүмкіндік берді.