EXPO көрмесінде ОАР-ның ұлттық күні тойланды
Орталық Африка Республикасы баламалы энергия көздерін пайдалануға ерекше ден қойып отыр. Өйткені ел астанасы Банги мен өзге де қалаларды жарықтандыру мәселесі өте өзекті.
Осы мақсатта күн панельдері паркін жасақтамақ. Сондай-ақ ел үкіметі баламалы энергия көздерін пайдаланудағы озық жобаларын жүзеге асыру мақсатында инвесторлар тартуды көздейді.
Айта кетейік, бұл мемлекеттің павильоны 21 елдің экспозициялары бар Африка Плазасында орналасқан. Орталық Африка Республикасы – табиғи ресурстарға өте бай. Бұл ел алмаз, уран, алтын мен мұнай өндіреді.
Коягазомо Джоахим, ОАР Сауда және индустрия министрлігінің сауда инспекторы:
-Орталық Африка Республикасының басым бөлігі орманды әрі судың қоры да мол. Нақтырақ айтсақ, ел аумағының 5 млн гектар жері орманды алқап. Сондықтан баламалы энергия көздерін дамыту біз үшін маңызды болмақ.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





