Еуропаның кейбір елдерін су басты
© Сурет: pixabay
Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, Пьяноро қаласында бір адам қаза тапқан.
Құтқарушылар әуеден түсірген видеокадрлардан кейбір елді мекендердің топан судың ортасында қалғанын көруге болады.
"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, жауыннан бірнеше өзен тасып, көшелерде көлік қатынасы қиындаған.
Осыған ұқсас жағдай Францияда да қалыптасып отыр.
Бұл мемлекеттің алты департаментінде қауіптің қызыл түсі жарияланды.
Әсіресе елдің үшінші ірі қаласы Лиондағы жағдай қиын. Онда көшелер өзенге айналып, талай көлік суға кетті, деп жазады qazaqstan.tv.
Әзірге Франциядан тасқын құрбандары туралы мәлімет түскен жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 21 қазан 2024
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы есірткіні заңсыз насихаттауды анықтады
-
15:40, 21 қазан 2024
Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады
-
15:18, 21 қазан 2024
22-24 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
15:09, 21 қазан 2024
Қазақстанда ең ұзын көпір ашылды
-
14:56, 21 қазан 2024
Адам папилломасы вирусы: 23 мыңға жуық қыз бала екпе алды