Әуежайлар мен вокзалдарға атау беру: не өзгерді
© Фото: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға және басқа да мемлекеттік меншік объектілеріне жеке тұлғалардың есімдерін атау ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет Тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру керектігі нақтыланды.
Объектілерге атау беру, сондай-ақ олардың атауларын қайта атау, атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың жеке есімдерін беру үшін ономастика саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
- орталық мемлекеттік органдардың, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;
- объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың жеке есімдерін беру туралы астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі, орталық мемлекеттік органдардың қарауындағы объектілерді, заңды тұлғаларды қоспағанда;
- мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға объектілерге атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және адамдардың жеке есімдерін беру туралы заңды тұлға ұжымының жиналыс хаттамасы, физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда;
- физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және адамдардың жеке есімдерін беру туралы объектінің бірінші басшысының ұсыныс-хаты;
- объектілерге атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы анықтамалық материалдар (мәліметтер, архивтік және басқа да деректер);
- объектіге (қайта атау кезінде) мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есімі ұсынылып отырған адамның өмірбаяндық деректері, Қағидалардың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптары ескеріле отырып, анықтамалық материалдар қоса беріледі;
- объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ оның атауының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың жеке есімдерін беру бойынша қаржыландыру көздері туралы мәліметтер.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссияның қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайтыны көзделген.
Комиссияның оң қорытындысы алынған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын қоса бере отырып, объектілерге атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын Үкіметке енгізеді.
Комиссияның оң қорытындысы алынған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз өкілеттіктері шегінде Комиссия қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және адамдардың жеке есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.
Қаулы 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:05, 21 шілде 2026
Мас жұмысшы бастығының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына ұшырады
-
19:54, 21 шілде 2026
Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына қатысты түсінік берді
-
19:52, 21 шілде 2026
Бірыңғай банкаралық QR-кодқа кім жауапты
-
19:45, 21 шілде 2026
Жамбыл облысында өзбекстандық жас футболшылар жолда қалып қойды
-
19:23, 21 шілде 2026
Орталық Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар кімдерге қарсы ойын өткізеді





