Әуежайдағы жағдайдан кейін Төреғали Төреәлі айыппұл төлейтін болды
Төреғали Төреәлінің үстінен әкімшілік кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Транспорттық ішкі істер департаменті 11 қазан күні әншінің үстінен “мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өткені үшін” қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
“Тергеу барысында Әлихановтың (авт. Төреғали) әрекетінен ешқандай қылмыстық белгі табылмады. 16 қазан күні Әлихановтың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық құқық туралы кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарланды баспасөз қызметінен.
Төреғали мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзып, рұқсатсыз өткені үшін 5 АЕК, сондай-ақ, әуежай аумағында рұқсатсыз жүргені үшін 1 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
“Әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде төлемеген жағдайда, жазаның ауыр түрі қолданылады”, – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында орын алған бұл оқиғада Төреғали билетсіз ұшақ бортына кіріп кеткен. Өнер иесі әйелі мен балаларын шығарып салмақшы болған. Соның кесірінен, Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кейіннен бұл іске жауапты 4 бірдей қызметкерге айыппұл салынды. Сондай-ақ, Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны оның бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 26 сәуір 2024
Неліктен Балқаш көлінде су деңгейі күрт көтерілді
-
11:17, 26 сәуір 2024
26 сәуірдегі Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
10:59, 26 сәуір 2024
Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылады
-
10:37, 26 сәуір 2024
Қорғаныс шебінде: ембілік мұнайшылар су басу қаупінің алдын алуда
-
10:27, 26 сәуір 2024
Жол қозғалысы ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді