Әуе билеттері неліктен қымбат - сенатор жауабын айтты
© Фото: pixabay
Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев 2025 жылғы 17 сәуірде палатаның пленарлық отырысында еліміздің азаматтық авиациясы қандай мәселелермен бетпе-бет келіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сүйіндік Алдашев саланың басты ауыртпалығы авиациялық отынның жетіспеушілігі екенін атап өтті.
"Отандық мұнай өңдеу зауыттары өсіп келе жатқан сұранысты толығымен қамтамасыз ете алмауда, сондықтан қалған бөлікті импорт есебінен жабуға тура келіп тұр. Қазірдің өзінде тапшылық шамамен 237 мың тоннаны құрайды. 2030 жылға қарай қажеттілік 550 мың тоннаға дейін өседі. Бұл ретте, әуе билеттерінің құны да қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Жанармай негізінен билет құнының 36,5%-ын құрайды. Техникалық қызмет көрсету-14,9%, әуежай қызметі – 10,7% және жолаушыларға қызмет көрсету – 6,1%",- деді депутат.
Сондай-ақ, оның сөзіне сүйенсек, әуежайларды дамытуда жүйелі көзқарас жоқ. Көпшілік әуежай жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады осылайша шығынға ұшырайды.
"Инфрақұрылым тозған, жабдық ескірген, ал әуежайлардың жартысы шұғыл қайта құруды қажет етеді", – деп атап өтті Алдашев.
Осыған байланысты депутат отандық азаматтық авиацияны басқарудың тиімді оңтайлы моделін әзірлеуді ұсынады.
Мұнымен қоса, ол отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті ұлғайту мәселесін шешу және авиакомпанияларды авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай жүйелік тәсілді әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін Жапониядағы әуежайдың Hello Kitty деп өзгертілгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





