Ет 3 275 теңгеден: қазақстандықтарға жағымды жаңалық бар

17:45, 16 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

15 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өзара мүдделілігі болып табылады.

Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелерді өзіне алды:

  • ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеуді;
  • сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыруды;
  • ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;
  • ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді;
  • сиыр етін ішкі нарыққа қосылған құн салығын есепке алмағанда өндірушілердің белгіленген босату бағасымен — келісіне 3 275 теңге деңгейінде жеткізуді қамтамасыз ету.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде салалық ұсыныстарды мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қарастырады, сондай-ақ ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.

Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды.

Меморандум ашық әрі болжамды нарық қалыптастыруға, баға құбылмалылығын төмендетуге және халықты қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру саланың экспорттық әлеуетін дамыту мен ішкі нарықты қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!