Ет бағасын тұрақтандыру бойынша үш жақты меморандум жасалды
© Фото: zakon.kz
15 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
15 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өзара мүдделілігі болып табылады.
Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелерді өзіне алды:
- ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеуді;
- сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыруды;
– ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;
- ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде салалық ұсыныстарды мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қарастырады, сондай-ақ ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.
Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды.
Меморандум ашық әрі болжамды нарық қалыптастыруға, баға құбылмалылығын төмендетуге және халықты қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру саланың экспорттық әлеуетін дамыту мен ішкі нарықты қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 16 сәуір 2026
Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды
-
19:34, 16 сәуір 2026
Жаңбыр, найзағай, дауыл: 17 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:15, 16 сәуір 2026
Астанада биыл 50 мыңнан астам жүргізуші тұрақ ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
-
19:10, 16 сәуір 2026
Мәжіліс төрағасы: Қазіргі алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсуде
-
18:52, 16 сәуір 2026
Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген





