«Ескерткіш орнатамын»: Астана тұрғыны Instagram арқылы алаяқтықпен айналысқан
© Фото: Zakon.kz
Астанада алаяқтық фактісі бойынша полицияға жергілікті тұрғын жүгінді. Белгілі болғандай, күдікті әйел "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушімен байланысқа шығып, қабірге арналған ескерткіш жасап беремін деп уәде берген.
Ол сенімге кіріп, алдын ала төлем ретінде 250 мың теңге алған. Алайда ақшаны алған соң уәде еткен жұмысын орындамай, жәбірленушімен байланысты үзген.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталуда, тиісті шаралары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер мен интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге сенбеуге, күмәнді жарнамалар мен парақшаларға алданып қалмауға шақырады.
Егер онлайн мәміле жасалатын болса, міндетті түрде сатушының немесе орындаушының сенімділігіне көз жеткізіп, ресми келісімшарт жасаған жөн.
Еске саламыз, интернет-алаяқтық фактілері жиілеп барады. Күмәнді хабарландырулар мен парақшалар туралы дереу полицияға хабарлаңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:38, 21 қыркүйек 2026
Рыбакина US Open мен Уимблдонда жеңіп алған титулдарын салыстырды
-
11:30, 21 қыркүйек 2026
Мысырдағы Ұлы пирамидадан 18 мың жыл бұрынғы артефактілер табылды
-
11:22, 21 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:11, 21 қыркүйек 2026
Қазақстан футбол құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңіне қатысу үшін Англияға барды
-
11:04, 21 қыркүйек 2026
Африка құрлығы екіге бөлініп жатыр: Жақында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін





