Әскери қызметшілердің кредиті бойынша төлемді кейінге қалдыру: нені білу керек
© Сурет: Zakon.kz
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды.
Қағидаларға сәйкес, барлық қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей төлемдер бойынша кейінге қалдыру беріледі.
2025 жылғы қарашадағы мәліметтер бойынша, мерзімді әскери қызметке шақырылған 21,9 мың қарыз алушының ішінен 19,2 мыңы қарыздар бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін алды. Берілген кейінге қалдырудың жалпы сомасы 8,5 млрд теңгені құрады.
Кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін не істеу керек?
Кейінге қалдыру өтінішсіз беріледі: әскерге шақыру туралы деректерді Қорғаныс министрлігі кредиттік бюроға, содан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына жібереді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары хабарлама алған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынуға міндетті.
Хабарлау жазбаша және/немесе онлайн режимінде жеке қатысу немесе қосымша келісімдерге қол қою қажеттілігінсіз жүзеге асырылады. Шара негізгі борышқа және есептелетін сыйақыға қолданылады.
Сондай-ақ, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады. Әскери бөлімнің тізімінен мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда, кейінге қалдыру тағы 60 күнге сақталады.
Кейінге қалдырудан бас тартуды қаласа, қарыз алушы жазбаша өтінішті банк хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде жіберуге құқылы, мұндай жағдайда кредитор кейінге қалдыруды қолданудың күшін жояды.
Егер кредит бойынша сот шешімі шығарылса, татуласу келісімі жасалса немесе атқарушылық жазба ресімделсе, кейінге қалдыру берілмейді.
Кейінге қалдыруды автоматты түрде алмаған жағдайда әскери қызметші қаржы ұйымына жазбаша өтініш жібере алады, мәселе реттелмеген жағдайда банк/микроқаржы омбудсманына және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.
Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 5 желтоқсан 2025
6 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
-
18:08, 5 желтоқсан 2025
Қазақстандықтардың салық бойынша қанша қарызы бар
-
17:45, 5 желтоқсан 2025
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 6 және 7 желтоқсан
-
17:36, 5 желтоқсан 2025
Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады
-
17:10, 5 желтоқсан 2025
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Хорватиядағы турнирдің қысқа бағдарламасында 7-орын алды





