Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық ұсталды
© Фото: pexels
Павлодарда полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастырады.
Осындай шара барысында Толстой және И. Байзақов көшелерінің қиылысында Audi маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлік жүргізушісінің баяу қимылдары, түсініксіз сөзі және үлкейген көз қарашығы оның күмәнді күйде екенін көрсетті.
Жүргізілген медициналық тексеру нәтижесінде оның есірткіге мас күйінде екені анықталды.
Тексеру барысында бұл жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Сот шешімімен ол 2023 жылдың қаңтарында 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Автокөлік айып тұрағына қойылды, ал оқиғаға байланысты материал сотқа жіберілді, — дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде көлік жүргізген 96 құқық бұзушылық дерегінің жолын кескен. Әрбір оқиға бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, заң аясында шаралар қолданылған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Сондықтан кез келген азамат есірткі немесе алкогольдік мас күйінде көлік жүргізу дерегінің куәгері болса, бұл туралы бірден "102" нөміріне хабарлауы қажет.
"Заң және тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдарының негізгі ұстанымы, — деп атап өтті полиция департаментінің өкілдері.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 23 желтоқсан 2024
Астанада алаяқтар отандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
-
18:51, 23 желтоқсан 2024
Ресейде балаларына жыныстық сипаттағы әрекет жасап, күйеуін өлтірген әйел сотталды
-
18:40, 23 желтоқсан 2024
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 146-дан астам техника тартылды
-
17:53, 23 желтоқсан 2024
Бектенов: Жылу, энергия және су беруді үздіксіз қамтамасыз ету - үкіметтің бірінші міндеті
-
17:40, 23 желтоқсан 2024
Құбыр жарылып, Алматы орталығының бір бөлігі жылусыз қалды